Қазақстанның барлық қалалары арасындағы әуе қатынасы 25 мамырда қалпына келтіріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық қалалары арасындағы әуе қатынасы 25 мамырдан бастап қалпына келтіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Еліміздің барлық әуежайлары жұмыс істей бастайды, ал әуе компаниялары санитарлық-карантиндік шараларды сақтай отырып, рейстер санын дербес белгілейтін болады.
«Ұшақтар Көліктегі бас санитарлық дәрігер белгілеген санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шараларын сақтай отырып, яғни жеке қорғаныс құралдарын пайдаланумен, сенсор термометрмен дене қызуын өлшеу, әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы ұшады және әуежайлар мен ұшақтарда күшейтілген залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі», делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешіміне сәйкес, 25 мамырдан бастап Атыраудан республиканың өзге қалаларына келесі бағыттар бойынша әуе рейстері қайта ашылады.

Еске сала кетсек, 1 мамырдан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары арасында (2 қала); 5 мамырдан Семей, Өскемен, Петропавл, Қызылорда (4 қала); 11 мамырдан Ақтөбе, Павлодар, Тараз, Қарағанды, Талдықорған, Көкшетау, Қостанай (7 қала) әуе рейстері ашылған еді.

Айта кетерлігі, коронавирус пандемиясына байланысты елімізде мемлекеттік комиссияның шешімімен 97 халықаралық бағыт бойынша аптасына 440 рейс және ішкі рейстерде 45 бағыт бойынша аптасына 540 тұрақты рейс тоқтатылған болатын.


Соңғы жаңалықтар