+7 (701) 759 90 19
USD 429.59 EUR 507.3
RUB 5.62 CNY 64.1
Jańalyqtar

Қазақстанның астық экспорты артады

2020 жылғы 22 қыркүйек 10:05
Бөлісіңіз:
Қазақстанның астық экспорты артады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылғы әлемдік астық өнімі көлемі рекордтық деңгейде болады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
2025 жылға қарай сапалы ауыз су мәселесі толық шешіледі - Асқар Мамин Қазақстанда шегірткенің таралу ареалы 3,3 есеге азайды Премьер-Министр ветеринария мамандығына білім гранттарын көбейтуді тапсырды

«Астық жөніндегі халықаралық кеңестің есебіне сәйкес, (2020 жылғы 27 тамыз) астық өндірісінің Ресейде, Канадада, Аустралияда өсуіне байланысты 2020 жылғы өнім көлемі әлемдік рекордтық деңгейде – 2,2 трлн тонна болады деп бағалануда (2019 жылы –

2,1 трлн тонна). Маусым жоғары астық қалдық қорымен – 630 млн тонна мөлшерінде аяқталады (2019 жылы – 622 млн тонна). Оның ішінде Астық жөніндегі халықаралық кеңес Қазақстанда 17,7 млн тонна көлемінде астық жиналады деп болжауда. Біздің бағалауымыз бойынша өнім 18 млн тоннаны құрайды», - деді министр Үкімет отырысында.

Сапархан Омаровтың сөзіне қарағанда, Астық жөніндегі халықаралық кеңестің бағалауы бойынша әлемде бидай өндіру көлемі 763,3 млн тоннаны (2019 жылы – 762,2 млн тонна), оның ішінде Қазақстанда 12,4 млн тоннаны (2019 жылы – 11,5 млн тонна) құрайды.

«Жаңа маусымда қазақстандық бидай мен ұнның негізгі жеткізілімдері дәстүрлі түрде Орта Азия елдері мен Ауғанстан нарығына жолданатын болады. Астық сапасының жоғары болуынан Қытайға бидай (HI-Pro) жөнелтілімі артуы мүмкін», - деді Сапархан Омаров.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT