Қазақстанның алтын валюта қоры 31,5 млрд АҚШ долларына жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Қазақстанның алтын валюта қоры 3,1%-ға ұлғайып, 31,5 млрд АҚШ долларына жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық банктің алтынвалюта резервтері мамырда 3,1%-ке немесе 950 млн АҚШ долларына ұлғайып, 31,5 млрд АҚШ долларын құрады. Алтынды Ұлттық қорға 250 млн АҚШ долларына сату және алтын бағасының бір унция үшін 1 717-ден 1 726 долларға дейін өсуі есебінен алтын портфелі аздап 137 млн АҚШ долларына азайды», - деді Ерболат Досаев Үкімет отырысында.

Сонымен қатар Ұлттық қордың активтері мамырда өткен айға қарағанда айтарлықтай өзгермей, 58,5 млрд АҚШ долларын құраған. Мамырда Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілді трансферт ретінде шамамен 1,6 млрд АҚШ доллары баламасында 650 млрд теңге бөлінген.

«2020 жылдың мамырында Ұлттық қордан кепілді трансферт бөлу үшін 1,1 млрд АҚШ доллары сомасына валюта сатылды. 384 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі шетел валютасының түсімі және мамырдағы акциялар нарығының ішінара қалпына келуі нәтижесінде алынған 670 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі инвестициялық кіріс Ұлттық қордан сатылымдардың орнын толтырды. Халықаралық жалпы резервтер ағымдағы бір айдың ішінде 1%-ке ұлғайып 90 млрд АҚШ долларын құрады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар