+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстанның АҚШ-тағы консулдық қызметкерлеріне дипломатиялық артықшылықтар беріледі

2020 жылғы 9 сәуір 11:57
Бөлісіңіз:
Қазақстанның АҚШ-тағы консулдық қызметкерлеріне дипломатиялық  артықшылықтар беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР заңының жобасы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заң жобасы бойынша негізгі баяндама жасаған ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, ҚР мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық Қазақстан Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы АҚШ-қа сапарының қорытындысы бойынша орнатылған кеңейтілген стратегиялық серіктестік рухында дамып келеді және одан ары нығаюда. Қазақстан мен АҚШ арасында барлық деңгейде тұрақты саяси диалог жүргізілуде.

«Өткен жылдың ішінде еліміздің барлық Министрлер кабинеті АҚШ-та іс-сапарлармен болды және ҚР Премьер-Министрінің сапарымен аяқталды. Сонымен қатар осы жылдың ақпан айында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Пампеоның Қазақстанға ресми сапары өтті. Елбасы сапарының қорытындысы бойынша Сан-Францискода ҚР Бас консульдығын ашу туралы шешім қабылданды. Осылайша қазіргі уақытта АҚШ аумағында Қазақстанының екі Бас консульдығы жұмыс істейді. Ал біздің елде АҚШ тарапы үшін өңірлік хаб қызметін атқаратын Орталық Азиядағы жалғыз Алматы қаласындағы АҚШ-тың бас консульдығы бар»,- деді ол.

Министрдің атап өтуінше, ратификацияланатын келісім консульдық лауазымды тұлғалар мен олардың отбасы мүшелеріне дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтарды қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді реттейді. 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес, келісім негізінде екі мемлекеттің консульдық мекемелерінің қорғалатын консульдық лауазымдық тұлғалары, консульдық қызметшілері және олардың отбасы мүшелері заңдық иммунитеттермен қамтамасыз етілетін салықтар мен алымдардан өзара босатылады.

«Екі елдің өзара пайдаланатын иммунитеттері мен артықшылықтарын күшейту консульдық лауазымды тұлғалардың және консульдық қызметшілердің қызметіне оң әсерін тигізетін болады. Сонымен қатар келісімді іске асыру АҚШ-та ҚР азамттарының мүдделерін ұсыну және қорғаудың тиімділігін арттырады», - деді Мұхтар Тілеудерді.

Заң жобасы талқыланғаннан кейін сенаторлар оған бірауыздан қолдау білдірді. Осылайша «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР заңы қабылданды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT