Қазақстанның АҚШ-қа шығаратын тауар экспорты өсуі мүмкін

None
None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров АҚШ-та бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесулер Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының жыл сайынғы көктемгі сессиясының іс-шаралары шеңберінде өтті.

Дүниежүзілік банк «Әділ өсім, қаржы және институттар» бағытының вице-президенті Индермит Гиллмен кездесуде ҰЭМ басшысы Қазақстан мен Банк 30 жылдық жемісті стратегиялық ынтымақтастығын атап өтті, сондай-ақ Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына бағытталған болашақ бірлескен жобалар туралы хабарлады.

Ұлттық экономика министрі ДБ тобының вице-президенті – бас экономисі Кармен Райнхартпен жаһандық және өңірлік экономикалық дамудың перспективалары мен трендтерін талқылады. Атап айтқанда, жаһандық қарыздың ұлғаюына, инфляцияның жеделдеуіне байланысты тәуекелдер және фискалдық импульстар мен азық-түлік дағдарысы тақырыптары қозғалды.

Өз кезегінде, АҚШ сауда министрінің орынбасары Мариса Лагомен қазақстандық делегация өзара сауда әлеуетін арттыру, атап айтқанда, Қазақстаннан АҚШ-қа металлургия, химия, инженерлік және тамақ өнеркәсібі тауарларының 75-тен астам атауы экспортының өсу мүмкіндіктері талқыланды.

Сапар барысында Қуантыров Орталық Азия елдері, сондай-ақ Әзербайжан, Швейцария, Польша және Сербия өкілдерінің қатысуымен ДБ және ХВҚ швейцариялық кіші тобының отырысына қатысты. Өз сөзінде ол Қазақстандағы ағымдағы экономикалық жағдай және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы айтып берді.

Жұмыс сапары аясында Қазақстан делегациясы АҚШ Сауда палатасы жанындағы экономикалық реформалар бойынша бизнес-қауымдастықпен дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шара АҚШ-тың сауда-инвестициялық құрылымдарының өкілдері, бизнес-қоғамдастығының кең ауқымы үшін жаңа инвестициялық саясатты қалыптастыруға назар аудара отырып, Қазақстанның макроэкономикалық бағытының басымдықтары және жаңа экономикалық саясат шаралары туралы хабардар етуге бағытталған. Кездесу барысында Ұлттық экономика министрі АҚШ Қазақстанның ең ірі инвесторларының үштігіне кіретінін атап өтті.

«1991 жылдан бері елімізге Америкадан $60 млрд-тан астам инвестиция салынды. Біздің елімізде американдық капиталдың қатысуымен мұнай-газ, химия, құрылыс, тау-кен металлургиясы, машина жасау және басқа да салаларда 500-ден аса компания жұмыс істейді. 2021 жылы тауар айналымы 29%-ға ұлғайып, $2,2 млрд-қа жетті», - деді Әлібек Қуантыров.

Одан әрі бейнеконференцбайланыс режимінде А.Қуантыров АҚШ Сауда өкілінің көмекшісі (USTR) Крис Уилсонмен кездесті, онда тараптар ағымдағы әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы пікір алмасты, сондай-ақ Қазақстанның Бас преференциялар жүйесі бағдарламасының бенефициары мәртебесін сақтауын талқылады.

Сонымен қатар, ҰЭМ басшысы Moody's, Standard&Poor's және Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттіктерінің басшылығымен кездесулер өткізді. Министр олармен санкциялық текетірес жағдайында өңір мен елдің экономикалық дамуының перспективалары мен сын-қатерлерін талқылады.

Ағымдағы жылдың ақпан, сәуір айларында Fitch Ratings және Standard&Poor's ішкі және сыртқы сын-қатерлерге жауап ретінде ҚР Үкіметі шараларының тиімділігін бағалағалап, Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «тұрақты» болжаммен инвестициялық сенімділік деңгейінде растады.


Соңғы жаңалықтар