Қазақстанның 9 айдағы экспорты 35 млрд долларды құрады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның 9 айдағы экспорты 35,3 млрд долларды құрады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында 10 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндаған ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«9 айда сыртқы сауда айналымы 62,8 млрд долларға жетті. Экспорт 35,3 млрд долларды, импорт 27,5 млрд долларды құрады. Осылайша, сауда теңгерімінің оң сальдосы 7,8 млрд доллар деңгейінде қамтамасыз етілді», - деді Руслан Дәленов.

Ал Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев 2020 жылғы 3-тоқсанда сауда балансы 1999 жылдан бері алғаш рет 1 млрд АҚШ доллары мөлшерінде теріс қалыптасқанын айтады.

«Нәтижесінде 2020 жылғы 9 айда сауда балансының профициті 9,1 млрд АҚШ долларына дейін 35 пайызға төмендеді. Тауарлар экспорты 18,4 пайызға қысқарды. Бұл мұнай мен газ конденсаты экспортының төмендеуіне байланысты болды. Тауарлар импорты инвестициялық тауарларды 12,6 пайызға немесе және аралық тауарларды 12,6 пайызға әкелуді қысқарту нәтижесінде 10,4 пайызға қысқарды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар