Қазақстанның 4 өңірінде туризмді дамыту әлеуеті зерттелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылы агротуризмді дамытуға қатысты зерттеу жұмыстары өзге облыстарда жалғасын табады. Бұл туралы елордада өткен агротуризм мен қолөнерді насихаттауға арналған кездесуде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы туризмнің жол картасына енген басты іс-шараның бірі – агротуризм мен қолөнерді туризм нысаны ретінде насихаттау еді. Өткен жылы біз агротуризмге саласы бойынша стратегиялық жоспарлауға қатысты үлкен жұмыс атқардық. Әлемдік тәжірибені, соның ішінде Беларусьте туризм саласын зерттеп көрдік. Сондай-ақ, Ақмола, Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстарының даласына зерттеу жұмысы жүргізілді. Зерттеу жұмысын Қазақстан агро және ауылдық туризм қауымдастығы әлі де жалғастыруда», - дейді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ туристік өнімдерді дамыту департаментінің директоры Даниел Сержанұлы.

Сондай-ақ, ол өткен жылы агро, экотуризмге қатысты екі ақпараттық тур ұйымдастырылғанын айтты.

«Жоғарыда атап өткен төрт облысқа барған кезде ол жақтың туризмді дамыту әлеуеті қандай екенін, тұрғындардың бұл саланы дамытуға деген құлшыныстары қандай екенін, ол жақта қандай шаралар өткізуге болатынын зерттеп көрдік. Ол жқтағы тұрғындар туризм арқылы табыс табуға болатынын білмейді. Оларды осы саланы дамытуға үйретуіміз керек. Инфрақұрылымға қатысты мәселелер де бар, бірақ оның бәрі біртіндеп шешімін тауып келе жатқаны қуантады. Зерттеу жұмысы барысында туризмді дамыту моделі жасалды. Бұл жұмыстар 2021 жылы өзге облыстарда жалғасын табады», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар