Қазақстанның 4 қаласында жерді онлайн беру ілкі жобасы іске қосылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның 4 қаласында жерді онлайн беру ілкі жобасы іске қосылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайында баяндаған ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасы тапсырмасы бойынша аса маңызды жобалардың бірі - Жер қатынастарын цифрландыру. Басты мақсат - жер учаскелерін онлайн беру. Қызметті көрсету үшін Бірыңғай мемлекеттік кадастр жүйесі құрылуда. Аталмыш жүйе Жер кадастрын, Жылжымайтын мүлік регистрін және аймақтық геопорталдарды біріктіреді», - деді ол.

Министрдің дерегінше, осы жылдың 1-тоқсанында Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтөбе қалаларында жерді онлайн беру ілкі жобасы қосылады.

«Дегенмен, басқа аймақтар жұмысты жандандыруы қажет. Ауыл шаруашылығы министрлігі нормативтік-құқықтық актілерге уақытылы өзгеріс енгізуі қажет. Асқар Ұзақбайұлы, әкімдіктер геопорталдарын Бірыңғай мемлекеттік кадастр жүйесімен интеграциялау керек. Әкімдіктерге 31 желтоқсанға дейін барлық аймақтарда жер учаскелерін онлайн беру қызметін іске қосу тапсырмасын беруіңізді сұраймын», - деп жүгінді Асқар Жұмағалиев Үкімет басшысы Асқар Маминге.


Соңғы жаңалықтар