Қазақстаннан шикізатты Ресей арқылы тасымалдайтындарға транзит құнын жеңілдетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстаннан шикізатты Ресей арқылы тасымалдайтындарға транзит құнын жеңілдетті. Атап айтқанда, транзит бойынша жеңілдіктер тек Қарашығанақта өндірілетін шикі мұнайға ғана жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл шешім 11 шілдедегі Еуразия экономикалық комиссиясы алқасында қабылданды.

«ЕЭК алқасының шешімімен Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 14 қазандағы №413 шешіміне өзгеріс енгізу ұйғарылды. Бұл Өзгерістерге сәйкес, Қарашығанақтан өндірілген шикі мұнай ЕАЭО кедендік территориясы бойынша РФ арқылы өткен жағдайда кедендік шаралардан босатылады. Бұл шешім өндірушілерге әкімшілік шығындарды азайтып, мұнайды транзиттік тауар ретінде рәсімдеуді доғаруға мүмкіндік береді», - деді комиссияның баспасөз қызметі.

Осылайша, Қазақстан үшін Қарашығанақта өндіріліп, Ресей территориясы арқылы үшінші елдерге жөнелтілетін мұнай экспорты жеңілдей түсті.

Айта кету керек, жақында Қазақстанның мұнай өндірісін шектеу туралы ОПЕК келісімен баяу шығуы туралы жоспарда бар екендігі туралы хабарлаған болатынбыз.

Сәйкесінше, Қазақстан 1-2 айда мұнай өндірісінің қарқынын арттырмақ. Алайда, бұл туралы түпкілікті шешім қарашада қабылданады. Қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов ҚазАқпарат тілшісіне бұл шешімнен Қазқстан не ұтатынын айтып берген болатын.

Соңғы жаңалықтар