Қазақстаннан Әбу-Дабиге жаңа авиарейстер ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстаннан Әбу-Дабиге 2 әуе рейсі ашылады. Бұл туралы ҚР Инудстрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа халықаралық рейстер:

- 2021 жылғы 16 мамырдан «Нұр-Сұлтан – Әбу-Даби» бағытында орындала бастайды. Авиакомпания - «Wizz Air Abu Dhabi». Жиілігі – аптасына 2 рет.

- 2021 жылдың 22 мамырынан « Алматы – Әбу-Даби» бағытында ашылады. Жиілігі - аптасына 2 рет.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 14 наурызда ҚР ИИДМ «Wizz Air Abu Dhabi» әуе компаниясымен келісімге қол қойды. Құжатқа сәйкес авиатасымалдаушы жаңа рейстерді орындауға кіріседі.

«Wizz Air Abu Dhabi» - лоукостер, БАӘ-нің алтыншы ұлттық әуе компаниясы. Ол 13 бағыт бойынша 11 елге халықаралық рейстер орындайды.


Соңғы жаңалықтар