+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қазақстанға заңсыз енгізілмек болған 747 смартфон тәркіленді

2021 жылғы 21 мамыр 19:44
Бөлісіңіз:
Қазақстанға заңсыз енгізілмек болған 747 смартфон тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тауарларға ілеспе құжаттары мүлдем жоқ «REDMI» маркалы 747 дана смартфонды тасымалдау әрекетіне тосқауыл қойылды. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінен хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада жасөспірім қызға азғындық әрекет жасаған күдікті ұсталды Ақтөбеде жасөспірімдер төбелесіп, біреуі пышақ жарақатын алды Елордада қаскөйлер қоқыс жинауға арналған контейнерлерді өртеп жіберді

2021 жылдың 21 мамырында Қордай ауданында орналасқан «Аухатты» бақылау-өткізу пунктінде Қазақстан Республикасы бағытына қарай, Қырғыз Республикасынан мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезінде, ҚР ҰҚК ШҚ әскери қызметшілері және Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экспорттық бақылау басқармасының лауазымды тұлғалары бірігіп жүргізген тексеру барысында тауарларға ілеспе құжаттары мүлдем жоқ «REDMI» маркалы 747 дана смартфондарды тасымалдау әрекетіне жол берілмеген.

Қазіргі уақытта, қылмыстық құқық бұзушылық істі қозғау үшін, материал Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жолданды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT