Қазақстанға «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 1 ақпанда Қазақстанда «Спутник V» ерікті вакцинациялау науқаны басталады. Уағдаластық негізінде Қарағанды фармацевтикалық кешені елге «Спутник V» вакциналарының алғашқы партиясын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Жалпы, ақпан айында Қарағанды фармацевтикалық кешені вакцинаның 112 мың дозасын, наурызда - 150 мың, сәуірден маусымға дейін – ай сайын 600 мың дозадан жеткізетін болады.

Сондай-ақ сәуір айынан бастап 75 мың доза көлемінде QazCovid-in отандық вакцинасын егу және оны ай сайын 500 мың дозаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

«Бірінші кезекте халықтың жекелеген топтары – медицина қызметкерлері, полицейлер, әскери қызметшілер және т. б. вакциналауға жіберіледі. Вакцина алатын адамда профилактикалық егуге қарсы көрсетілімдер болмауы тиіс. Вакциналау алдында дәрігердің міндетті тексеру жұмыстары жүргізіледі. Ел бойынша егу пункттерінің дайындығы тексерілді, профилактикалық егуді жүргізу мәселелері бойынша стандартты операциялық рәсімдер бекітілді, 2 мыңнан астам медицина қызметкерлері оқытылды», - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Айта кетейік, вакцина ғана коронавирустың одан әрі таралуына жол бермейді және елде қатаң локдаунды енгізудің жалғыз баламасы бола алады.

Елордада вакциналаудың бастапқы кезеңі №2, №4, №6, №7, №9 - бес қалалық емханада жүргізіледі.
Соңғы жаңалықтар