+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстанға коронавирусты емдейтін жаңа препарат әкелінді

2020 жылғы 3 шілде 13:25
Бөлісіңіз:
Қазақстанға коронавирусты емдейтін жаңа препарат әкелінді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы стационарлық ауруханаларда КВИ жұқтырғандарды ресейлік жаңа препаратпен емдейді. Жаңа дәрінің жеткізілгенін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда 9584 адам пневмониямен ауырып жатыр Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан науқастардың 170-нің жағдайы нашар – ҚР ДСМ Түркістан облысында қатаң карантин енгізілгелі 900 рет тәртіп бұзылған

«Авифавир» атты жаңа препарат коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге арналған хаттамаға енгізілген.

«Бұл препарат бір реттік тәртіпте сатып алынып, біздің елге жеткізілді. Онымен стационарлық науқастарды емдейді. Осы препаратпен емделетін адамдар бақылауға алынады. Себебі ол препарат - жаңа. Клиникалық сынақтан жақында ғана өткен», - деді Ажар Ғиният.

Айта кетсек, бұған дейін Ресей Федерациясында аталған препарат сынақтан сәтті өткізілгені хабарланған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT