Қазақстанға ішкі нарықты тұрақтандыруға жететін дизель жеткізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев еліміздегі дизель отыны нарығына қатысты ахуалға пікір білдірді , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде ахуал түзелді. Бұл дизель отыны қажетті көлемде жетізілгендігін білдіреді. Осыған дейін орын алған ахуалды тұрақтандыру үшін шамамен 100 мың тонна дизель отынын импорттау қажеттігін айтқан болатынбыз. Қазір кемінде 146 мың тонна дизель импортталды. Осыған орай бүгінде жанар-жағармай құю стансаларында дизель отынын сатуға қатысты ешқандай шектеу жоқ» - деді министр Сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Мағзұм Мырзағалиевтің атап өтуінше, еліміздің мұнай өндеу зауытына жөндеу жұмысы жүргізілген сәтте қажетті дизель отыны жеткізілген.

«Біз қазіргі уақытта 1,5 есе көп дизель отынын жеткіздік», - деді Мағзұм Мырзалғаиев.

Бұған дейін Мағзұм Мырзағалиев елімізде орын алған дизель тапшылығының басты себебін атағанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар