+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Қазақстанға халықаралық рейспен келген жүзден астам адам карантинге жатқызылды

2020 жылғы 4 сәуір 14:33
Бөлісіңіз:
Қазақстанға халықаралық рейспен келген жүзден астам адам карантинге жатқызылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Түркияда болған Қазақстан азаматтары мінген рейс Павлодарға келіп қонды. Борттағы 125 адамның көпшілігі Павлодар облысының тұрғындары, деп хабарлады бүгін Мемлекеттік комиссияның жедел штабы.

Штаб таратқан мәліметтерге қарағанда, бортты арнайы костюм киген санитарлық эпидемиология қызметінің өкілдері күтіп алды, әрқайсысының температурасын өлшеп, коронавирус белгілері бар-жоғын тексерді.

Келген азаматтар жеке мәліметтері толық көрсетілген сауалнама толтырды.

Жолаушылардың барлығы оқшаулау орнына жеткізілді. Ұшып келген азаматтардың әрқайсысынан қажетті талдау алынды, оның нәтижесі бір тәуліктен соң белгілі болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Көлік, Коронавирус,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT