Қазақстанға 63 елдің тұрғындары визасыз келе алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ТМД аумағында алғаш рет елордада PATA Travel Mart 2019 Азия-Тынық мұхиты елдерінің халықаралық туристік көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің еліміз Саммит, Азия ойындары, ЭКСПО көрмесі сынды әлемдік шараларды ұйымдастырса да, мұндай ауқымдағы салалық туристік көрмені алғаш рет өткізіп жатырмыз. Қазақстанның жаһандық мәдени және экономикалық интеграциясы еліміздің маңызды сыртқы саяси бағыты болып саналады. Біз өзімізді туристерге ашық ел ретінде ұсынамыз. Бүгінде Қазақстанға 63 елдің тұрғындары визасыз кіре алады. Ал Қытай мен Үндістан үшін арнайы транзиттік визасыз режим бар», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Бақытжан Темірболат.

Айта кетейік, PATA Travel Mart 2019 көрмесіне Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің 250-ден астам туристік компаниясы қатысуда. Көрме аясында Tax Free Қазақстанның туристерге салықсыз жүйесі іске қосылады.

Сондай-ақ, PATA Gold Awards 2019 жүлдесінің жеңімпаздары марапатталады.



Соңғы жаңалықтар