Қазақстанға 6 мамыр күні келген шетелдіктердің барлығында ПТР анықтама болған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 6 мамырында Қазақстанға БАӘ, Мысыр, Мальдив Республикасы, Грузия, Украина, Түркия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан 26 халықаралық әуе рейсі келді.

Аталған рейстермен елге 3 828 авиажолаушы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 1 856 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 241 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, 393 жолаушы;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 44 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 185 жолаушы;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 109 жолаушы;

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.


Соңғы жаңалықтар