Қазақстанға 2 мыңнан аса адам шетелден ұшып келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 17 мамырында Қазақстан аумағына БАӘ, Түркия, Германия, Испания, Грузия, Беларусь Республикасы, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 24 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы ҚазАқпарат Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен тәулікте 2 557 авиажолаушы келді. Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 394 жолаушы;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 795 жолаушы;
Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, 335 жолаушы;
Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 24 жолаушы;
Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 2 жолаушы;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 7 жолаушы.
Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.


Соңғы жаңалықтар