Қазақстанға 15 мың қорап темекіні заңсыз кіргізбек болғандар қолға түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан шекарашылары Солтүстік Қазақстан облысындағы «Жаңа жол» автомобиль пунктінде 15 000 қорап темекіні Қазақстанға заңсыз кіргізбек болғандарды қолға түсірді, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Ұйымдастырушылар заңсыз кіргізу үшін темекіні «СDEK» почталық компаниясы жүгінің астына жасырған.

Темекіге құжаттар мен акциз маркалары болмады.

Ұсталған темекі партиясы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылды.

Осы өткізу пунктінде акциз маркалары жоқ темекіні өткізуге оқталғандардың бірнеше мәрте жолы кесілгенін атап өту керек.


Соңғы жаңалықтар