Қазақстандықтарға шетелдік банктерде шот ашуға тыйым салынуы мүмкін - Ақышев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев Алматыда өтіп жатқан онлайн-конференция барысында шетелге ақша шығару мәселесімен күрес шаралары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, шетелге капитал шығаруға тыйым салу мәселесі талқылау үстінде.

«Трансшекаралық операцияларға тыйым салу үнемі мүмкін емес. Бұл орайда құзырлы органдар Қаржы министрлігі, Мемлекеттік кірістер департаменті, Ұлттық банктің біріккен жұмысы болуы керек. Осы үш органның ақпарат алмасу, тәжірибе алмасу, қаржының қозғалысы бойынша белсенді жұмысы қалай жолға қойылады, солай шетелге ақша жымқырумен күрес тиімді бола бастайды», - деді ол.

Осы мақсатта кешенді жоспар құрылған.

«Қазақстандықтарға шетелде шот ашуға шектеу қою қарастырылған. Күдік туғызатын операциялар туралы ақпарат та қол жетімді. Бас қаржы реттеушісі үшін шетелге кеткен ақша лаңкестікті қаржыландыруға жұмсалмағаны маңызды»,- деді Данияр Ақышев.

Айта кету керек, ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев Алматыда өтіп жатқан онлайн-конференция барысында азаматтардың 40-тан аса сауалына жауап берді.

Соңғы жаңалықтар