+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Қазақстандықтардың жеке мәліметтерінің ұрлануына жол берілмеді

2020 жылғы 18 ақпан 16:08
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтардың жеке мәліметтерінің ұрлануына жол берілмеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «KZ-CERT» РМК компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі және NitroTeam ЖШС арасындағы меморандум аясында бірлескен шаралардың арқасында медициналық компания порталында сервер конфигурациясына қатысты ақау табылып, жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «KZ-CERT» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Осы ақаудың кесірінен компания порталында тіркелген емделушінің логины мен құпия сөзі кез келген интернет қолданушыға қолжетімді болған. Ал жүйеге қосыла алғандар емделушінің аты-жөні, телефон нөмірі мен email-адресі, сонымен қатар, медициналық талдау қорытындыларына қол жеткізген. Бұл жағдай тікелей ақпараттық қауіпсіздік саясатына қайшы» делінген хабарламада.

Ақау болған зертхананың танымалдығын ескересек, ақпараттың таралу ауқымын елестету қиын. Қалай болғанда да, ортақ және шұғыл жүргізілген жұмыстың нәтижесінде жеке ақпараттың және зертханалық зерттеулердің әшкереленуіне жол берілмеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT