Қазақстандықтардың бейбіт жиын өткізуге көзқарасы қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «DEMOSCOPE» қоғамдық пікір экспресс-мониторингінің бюросы азаматтар арасында «Қазақстанда бейбіт жиын өткізу құқығы» тақырыбында жүргізілген сауалнаманың қорытындысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«DEMOSCOPE» қоғамдық пікір экспресс-мониторингінің бюросы (Жобаны Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы қор өкілдігінің қолдауымен Халықаралық MediaNet журналистік орталығы жүзеге асырады) 2019 жылдың 26-29 қыркүйегі аралығында 14 облыс пен республикалық маңызы бар үш қалада 1 100 адамға сауал қойған.

«Сауалнама стационарлық нөмірлерге телефон қоңырауы арқылы жүргізілді. Оған жасы 18-ден асқан ерлер (47 пайыз) мен әйелдер (53 пайыз) қатысты. Таңдау негізі ретінде Қазақстан бойынша стационарлық телефон нөмірлерінің абонентік базасы пайдаланылды. Нәтижесінде респонденттердің 43 пайызы митингілерге оң, ал 16 пайызы теріс қарайтыны, ал 41 пайызы бейтарап қарайтыны немесе жауап беруге қиналатыны анықталды. Сұралғандардың 46 пайызы бейбіт жиындардың қандай да бір оқиғаға немесе мемлекеттік шешімдерді қабылдауда ықпалы барын айтып, жауап берді», - делінген DEMOSCOPE зерттеуінде.

Ал сауалнамаға қатысқандардың 40 пайызы митингілердің жағдайды тұрақсыз ететінін айтқан. Қалғаны (14 пайызы) жауап бермеген.

«Сұралғандардың 73 пайызы митинг өткізу – билікпен келісілуі керек деп есептейді. Ал 17 пайызы бұл пікірмен келіспейді. Қазақстандықтардың дамыған демократия жағдайында өмір сүрмегенін есепке алғанда, сонымен қатар азаматтар халықаралық құқық саласындағы стандарттармен таныс болмағандықтан мұндай көрсеткіштер қисынға келеді. Алайда протестерді азаматтардың жігер танытуы ретінде қабылдау үрдісі эволюцияланып келеді. Ал азаматтар оның тиімділігіне көзін жеткізіп келе жатыр», - делінген DEMOSCOPE зерттеуінде.

Аталған таңдау бойынша статистикалық ауытқу 95 пайыздық ықтималдықтың - 3 пайызынан аспайды.


Соңғы жаңалықтар