Қазақстандықтардың азаматтық белсенділігі артты - Марат Шибутов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар өз құқығын белсенді түрде қорғай бастаған. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Марат Шибутов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік органдарға келіп түсетін арыз-шағымдарды сараптайтын болсақ, лауазымды тұлғалардың әрекеттері мен әрекетсіздіктеріне қатысты шағым бірінші орынға шығады. Мұндай арыз-шағымдар 40%-ды құрайды. Қоғам лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне немқұрайлы қарауды доғарған, олар әсіресе лауазымды тұлғалар тарапынан болған әрекетсіздікке қатысты көп шағымданады», - деді Марат Шибұтов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өткізген AntikorLive жобасында.

Ол қазақстандықтардың азаматтық белсенділігі арта түскенін айтты.

«Егер күш-қуатты дұрыс бағытқа жұмсаса – нәтиже жаман болмайды. Қазіргі уақытта керекті бағыт арнайы мониторингтік топтар түрінде және еріктілер түрінде де бар», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар