Қазақстандықтардың 80%-ына Д дәрумені жетіспейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ғалымдар коронавирустан көп көз жұмуды Д дәрумені жетіспеушілігімен байланыстырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы жылдары қазақстандықтарда Д дәруменінің жетіспеушілігі көбейіп барады. Д дәруменінің иммунитетті нығайтудағы рөлі зор. Адам ағзасына бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ауру асқынып кетуі мүмкін», - дейді «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханалар желісінің маркетинг және инновациялар жөнінде директоры Алексей Балась.

Оның айтуынша, қыс мезгілінде Қазақстан тұрғындарының 80%-ына жуығы Д дәрумені жетіспеушілігінен зардап шегеді.

«Бұл көрсеткіш көбінесе ересектерге қатысты. Балалар Д дәруменінің профилактикалық дозасын алады. Ал ересектер ол туралы ұмытып кетеді, сол себепті қыс мезгілінде білініп қалады. Д дәрумені аз-көптігін анықтайтын тест қазіргі кезде кең қолданыста. Аталған тестті әр адам дәрігер нұсқауымен де, өз қалауымен де тапсыруына болады», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар