Қазақстандықтардың 60 пайызы жемқорлыққа қарсы күресте көмек көрсетуге дайын
«Зерттеуге 200-ге жуық әлеуметтанушы мен 12 талдаушы қатысты. Олар осы күзде республикалық маңызы бар 3 қалада, 14 облыс және 143 аудан орталығында сауалнама жүргізді. Әдістеме Transparency International-дің екі жаһандық зерттеуіне – тұрғындардың сыбайлас жемқорлық тәжірибесін өлшейтін әлемдік сыбайлас жемқорлық барометрі мен қоғамдық дискурстағы сыбайлас жемқорлық тақырыбының өзектілігін бағалайтын сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіне негізделген», - деп атап өтті Ольга Шиян.
Оның айтуынша азаматтардың 37,4%-ы және кәсіпкерлердің 45,9%-ы соңғы жылы сыбайлас жемқорлықтың төмендегенін көрсетті. Респонденттердің 11,3%-ы мемлекеттік органдарға жүгінген кезде тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа тап болған (2019 жылы 13,4%). ШОБ өкілдерінің 8,2%-ы мемлекеттік органдарға жүгінген кезде мәселені бейресми жолмен шешу қажеттілігіне тап болған (2019 жылы 9,2%).
«Бизнес-қоғамдастықтағы жағымды көріністі атап өткен жөн: сұралған кәсіпкерлердің 80%-дан астамы Қазақстанда пара бермей-ақ, тек құқықтық салада жұмыс істей отырып, өз бизнесін дамытуға әбден болады деп есептейді. Азаматтар мен бизнес-қоғамдастықтардың пікірінше, Президент (70%), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (63% және 65%), Үкімет (59% және 62%), Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (55% және 59%) және «Nur Otan» партиясы (53% және 55%) барынша сенімге Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 60%-дан астамы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді», - дейді ол.