Қазақстандықтар жаңа отандық көліктерді көбірек сатып ала бастады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ел тұрғындары Қазақстанда құрастырылған автомобильдерді сатып алуға 208 млрд теңге жұмсады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 73% -ға көп.

Бұл туралы «ҚазАвтоПром» компаниясының стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры Артур Мискарян мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол ағымдағы жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша қазақстандықтардың сұранысына ие болған брендтердің рейтингіне тоқталды. Оған сәйкес, елімізде «Lada» көлігі көш бастап тұр. Ресейде құрастырылған аталмыш авткөлікті 10 913 қазақстандық сатып алған. Одан кейін Hyundai 9 954, KIA (2339 бірлік), Ravon (1560 бірлік) және Skoda (790 дана).

«Сонымен қатар JAC, UAZ, Chevrolet және Peugeot да қазақстандық автокөлік өндірушілері ұсынатын брендтер тізімінде», - деді ол.

Оның айтуынша, жыл басынан бері жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша 2 701 автомобиль сатып алынды, бұл қазақстандық өндірушілердің жалпы сатылымының 9,1% құрайды.

Соңғы жаңалықтар