Қазақстандықтар үшін маңызды тұрақты даму салалары анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл елімізде тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру жобасының екінші кезеңі басталады, яғни тұрғындар үшін маңызды тұрақты даму салалары белгілі болды. Бұл туралы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ ТМД жөніндегі хатшылық директоры Бақыткүл Қамбар мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«БҰҰ бізге тұрақты дамудың 5 мақсатын ұсынды. Дегенмен біз халықтың пікірімен санасып, қызығушылығын ескере отырып өзіміздің 5 мақсатты анықтадық. Бұл орайда біз өңірлердің даму деңгейіне талдау жүргізіп, соның нәтижесіне назар аудардық. Бірінші - кедейлікпен күрес, екінші - денсаулық, үшінші - әл-ауқат, одан кейін сапалы білім беру және лайықты жұмыс орнымен қамту. Осы аталған салалардың тұрақты дамуы біздің халық үшін өте маңызды екенін көрсетіп отыр. Осылайша Қазақстанның әр өңірі үшін қай саланың дамуы маңызды екенін жекелей анықтадық», - деді Бақыткүл Қамбар Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Спикердің мәлімдеуінше, қазақстандықтарды жиі толғандыратын мәселенің бірі – ауыз су мәселесі.

«Биыл тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудың екінші кезеңі басталып отыр. Екінші кезеңдегі мақсаттарымызға жету үшін бірінші кезеңде қандай шаралар атқарылды, қалай орындалды, осыған мән беруіміз керек. Біз жеткен жетістік Қазақстанда тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудың институттық негізі қаланды. Біздің институт 2019 жылы тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудың жедел кешенді бағалау әдісі арқылы талдау жасады. Оның нәтижесінде мақсаттарды жүзеге асыру индекаторының жақсы екенін көрсетті. Мысалы, 2016 жылы 61 пайызды құраса, 2019 жылы 79,9 пайызды құрады», - дейді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанда тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудың екінші кезеңі басталады.


Соңғы жаңалықтар