Қазақстандықтар Персеид жұлдыздар ағынын тамашалай алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылдың 12 тамызынан 13-не қараған түні қазақстандықтар жыл сайын шілде-тамызда болатын Персеид деп аталатын метеорлық жұлдыз ағынын тамашалайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылы Персеид жұлдыз ағыны 17 шілдеден басталып 26 тамызға дейін жалғасады. Ең көп ұлдыз жауатын мезгіл 13 тамыз күні түнде болады. Бұл түні ағып жатқан 110 метеорды немесе әр минут сайын 1-2 метеорды тамашалауға мүмкіндік бар», - делінген Мәскеу планетария хабарламасында .

Астрономдар жұлдыздардың құлауы – бұл метеорлық ағын деп есептейді. Олар Жер атмосферасына түсетін және онда күйіп кететін кометалардың бөлшектері, метеорлар жол бойында жұлдыздар секілді жарқырайды. Оны Жерден тамашалағанда метеорлар құлайтын орталық Персей шоқжұлдызында орналасқандай көрінеді. Шындығында, метеорлық ағынның бұл шоқжұлдызға ешқандай қатысы жоқ.

Жұлдыздар жауатын мезгілді түнгі сағат 2-4 аралығында солтүстік-шығыс бағытқа қарап тамашалауға болады.


Соңғы жаңалықтар