Қазақстандықтар «Менің туым» акциясына белсенді атсалысуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде #МеніңТуым #МойФлаг хэштегімен басталған ауқымды акция өз жалғасын тауып келеді. Қазірге дейін 700-ге тарта адам Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен селфи түсіріп, әлемжеліге салып үлгерген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желілердегі жазбаларында осылайша отандастарымыз еліне деген сүйіспеншіліктерін жеткізуге тырысып жатыр. Акцияға қатысушылардың көбі - қазақстандық және шетелдік жоғарғы оқу орындарының студенттері. Қатысушылардың кейбірі біздің туымыз - Отанымыздың бір бөлшегі екенін, көк тудың желбірегені - жанына қуат беретінін жазып, жазбаларын бөлісуде.



Ал мектеп оқушылары соңғы қоңырауда түскен фотосуреттерін жарыса жариялап жатыр. Фотосуреттерде түлектер Қазақсан Республикасының Мемлекеттік туын көптеп түсіруге тырысқан. Акцияға қатысушы ересектердің көбі тудың аясында түскен фотосуреттерін бөліскен.
Жазбада ақындардың отты өлеңдерін жариялауды ұмытпапты.
Акция фотосуреттермен шектеліп қалмапты. Бастама аясында кейбір қолданушылар видеороликтер жариялап, өз Отанына деген сүйіспеншіліктерін айтуда.

null

#МеніңТуым #МойФлаг хэштегімен алғашқы жазбалар әлеуметтік желіде бір ай бұрын пайда болған еді. Содан бері әртүрлі саладағы мыңдаған қазақстандық азамат акцияға белсенді түрде атсалысуда.
Айта кетсек, Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері осыдан 27 жыл бұрын, 4 маусым күні бекітілген болатын. Содан бері аталмыш датаны барша қазақстандықтар айтулы мереке ретінде атап өтіп келеді.

Соңғы жаңалықтар