Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтің сапасына қаншалықты баға береді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына халықтың көңілі тола ма? Аталған сауалға қатысты ҚР Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігі мен олар көрсететін қызметтің сапалылығын анықтауда тәуелсіз әлеуметтік пікірді ескеру қайта жанданады. Әлеуметтік аудитте тәуелсіз пікір нәтижесі ол мемлекеттік қызметтерді алушылармен кері байланысты қамтамасыз етеді. Мысалы, өткен жылы тәуелсіз әлеуметтік пікір қорытындысы бойынша қазақстандықтардың 70 пайызы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына қанағаттанатын болып шықты», - деді Наталья Годунова.

Сондай-ақ, комитет басшысы «Электронды үкімет» порталының қызметіне тоқталды.

«Аталған портал қызметінің әлемдік рейтингте оң серпінге қарамастан (2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы 193 елінің арасында 39-дан 29-орынға көтерілдік), өткен жылдың қорытындысында азаматтардың әлеуметтік жәрдемақыны рәсімдеу мен мемлекеттік көмекке өтінім беруде клиенттердің жүктемесіне төтеп бере алмаған «Электрондық үкімет» портал қызметіне неғұрлым нашар баға берілді», - дейді ол.

Бұған дейін Есеп комитетінің төрағасы Н. Годунова еліміздің бюджет шығынына қатысты мәліметтермен бөлісті.



Соңғы жаңалықтар