Қазақстандықтар мемлекеттік қызметті мобильді қосымша арқылы жиі алады - Мусин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – EGov Mobile мобильдік қосымшасында да электронды қызметтерді пайдалану екі есе өскен. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде электронды қызметтер саны бойынша, оң өзгерісті байқап отырмыз. Сонымен қатар EGov Mobile мобильдік қосымшасында да электронды қызметтерді пайдалану екі есеге өскен. Бұдан бөлек, цифрлық сервистер азаматтар арасында кең сұранысқа ие. Мәселен, цифрлық құжаттар осы жылдың 5 айында 6 млн-нан астам валидациялағанын атап өткен жөн. Жалпы бұл меморогандар мен мекемелердің цифрлық құжаттарды кеңінен қолдануын айғақтайды», - деді Бағдат Мусин Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министрдің айтуынша, қазір азаматтарға 18 құжат өзге цифрлық платформаларда қолжетімді: олар Каспи, Хоум банк және т.б. Осы жылдың соңына дейін ең танымал 20 мемлекеттік қызметті сыртқы платформаларға шығару жоспарланған.

«Сондай-ақ, SMS арқылы заңсыз тіркелу мәселесін шештік. Байланыс орталығының күту уақытын 5 минуттан 20 секундқа дейін қысқарттық. Азаматтарды құжаттандыру бойынша адами факторсыз ұсынылатын, жаңа перспективалық жобаны іске асырудамыз. Егер бүгінгі таңда орташа есеппен 20-30 минут кетсе, терминалдарды орнатқан соң процесс 5-10 минутқа дейін қысқарады», - деді Б. Мусин.

Сонымен бірге, «Видео ХҚО» жобасы азаматтарға кеңес алудан бөлек, ЦОН-ға жүгінбей-ақ қызметті қашықтан алуға мүмкіндік береді. Осы тәсіл арқылы 13 қызмет қолжетімді, ал жыл соңына дейін 63 қызметке дейін өседі.

«Осыған орай, меморгандармен бірлесіп, 2025 жылға дейін азаматтарға консультация және қызмет көрсетуді осы «Видео ХҚО» тәсілі арқылы ұсынуды жоспарлап отырмыз», - деді Цифрлық даму министрі.

Бұған дейін Бағдат Мусин мемлекеттік қызметтердің 93% онлайн түрде қолжетімді екенін айтқан еді.



Соңғы жаңалықтар