Қазақстандықтар медициналық қызметтерді бір ғана мекемеден алатын болады – Президент тапсырмасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан азаматтары медициналық қызметтерді бір ғана мекемеден алатын болады. Тиісті тапсырманы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Азаматтар өздеріне қажетті қызметтің барлығын бір ғана медициналық мекемеден алуға тиіс. Осы жобаны биылғы 1 шілдеден бастап сынақ ретінде, ал 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап толыққанды жүзеге асыруды тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, осы уақытта ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысумен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы өтіп жатыр.



Соңғы жаңалықтар