Қазақстандықтар мамыр айында 1,4 мыңнан астам алтын құйма сатып алған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел тұрғындары 2020 жылғы мамыр айында 1 467 алтын құйма сатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2020 жылғы мамырда ел тұрғындары екінші деңгейдегі банктерден және айырбастау пунктерінен жалпы салмағы 62 165 грамм 1 467 өлшемді құйма сатып алды. Барлығы 2017 жылдан бастап жалпы салмағы 845 060 грамм 25 968 өлшемді құйма сатылды», делінген хабарламада.

Алтын құймалары 5, 10, 20, 50 және 100 грамдық болып бес салмақта сатылған. Соның ішінде ең көп сатылғаны 10 грамдық құймалар.

Алтын құйма сатып алуда Алматы қаласы (сатылған құймалардың жалпы санының 50,3%), одан кейін Атырау (18,4%), Нұр-Сұлтан (11,4%) көшбастады. Басқа өңірлер бұл көрсеткіш 19,9% болды.

Жалпы салмағы 3 010 грамм 106 құйма кері өткізілді.

Қазіргі кезде алтын құймаларын Halyk Bank-тен, Еуразиялық анктен, Jýsan Bank-тен, Банк ЦентрКредиттен, сондай-ақ айырбастау пунктерінен сатып алуға және оларды қайта өткізуге болады.

Әрбір құйма қорғаныш элементтерімен (құймалардың бет жағы айнадай, микромәтін және бедерлі гурт) және құймаларды механикалық зақымданудан қорғайтын және орауы ашылғанын немесе ашылмағанын тез анықтауға мүмкіндік беретін арнайы орауда шығарылады. Қорғаныш орауы құйма сапасының сертификатын білдіреді.

2020 жылғы 5 маусымдағы мәлімет бойынша алтынның 1 грамы 21 918,57 теңге болды.


Соңғы жаңалықтар