Қазақстандықтар қайта вакциналаудан қалай өткізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде ревакцинация қалай ұйымдастырылатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының халқын иммундау жөніндегі консультациялық комиссиямен бірге халықты қайта вакциналаудың тәсілдерін пысықтады. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау шарасының толық курсын өткеннен соң,6-9 айдан кейін қосымша дозасын егу ұсынылады, - деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Оның айтуынша:

- векторлы (Спутник V) вакцина алған тұлғаларға 9 айдан кейін инактивті вакцина ( Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) егу;

- инактивті (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) вакцина алғандарға 6 айдан кейін векторлы екпе ( Спутник V) салу ;

- «мРНК-вакцина» (Pfizer – ред.) алған тұлғаларға 6 айдан кейін инактивті ( Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе векторлы ( Спутник V) екпе салу жоспарланған.

«Сондай-ақ, бірізді екпе түрін салу арқылы қайта вакциналануға жол беріледі», - деп нақтылады министр.


Соңғы жаңалықтар