+7 (701) 759 90 19
USD 424.49 EUR 504.51
RUB 5.59 CNY 64.57
Jańalyqtar

Қазақстандықтар қанша жалақы алатыны жарияланды

2020 жылғы 20 қазан 22:27
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар қанша жалақы алатыны жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті 2020 жылғы маусымда қызметкерлердің санына есептелген жалақы мөлшері бойынша зерттеу жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған зерттеу қорытындысына сәйкес, кәсіпорындар мен ұйымдардың биылғы маусымда толық жұмыс істеген қызметкерлер саны 2 713,6 мың адамды құраған. Оның ішінде ерлер – 1 246,6 мың адамды немесе 45,9 пайызды, әйелдер – 1 467,0 мың адамды немесе 54,1 пайыз.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, қызметкерлердің жалпы санынан орташа айлық жалақыны:

45 000 теңгеге дейін - 1,8% қызметкерлер,

45 000 – 105 000 теңге аралығында – 30,8%,

105 000 – 210 000 теңгеге дейін - 39,2%,

210 000 – 300 000 теңгеге дейін – 14,2%,

300 000 – 420 000 теңгеге дейін – 7,2%,

420 000 – 600 000 теңгеге дейін – 3,6%,

600 000 – 750 000 теңгеге дейін – 1,2%,

750 000 – 900 000 теңгеге дейін – 0,6%,

900 000 теңгеден жоғары – 1,4 пайыз қызметкерлер алды.

75000 теңгеге дейінгі жалақыны білім беру саласының қызметкерлері алады (49,6%). Ал 450 000 теңгеден жоғары еңбекақы тау-кен өнеркәсібі (21,6%) саласында төленеді.

Орташа білімі бар қызметкерлердің орташа айлығы 133 268 теңгені құрады. Жоғары білімділер – 247 015 теңге, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі барлар 472 654 теңге жалақы алған.

«Қызметкерлердің жасына қарай бөлінісінде 16 жастан 24 жасқа дейінгілердің орташа айлық жалақысы 134 843 теңгені, 25 жастан 28 жасқа дейін - 168 508 теңгені, 29 жастан 34 жасқа дейін - 200 629 теңгені, 35 жастан 44 жасқа дейін - 219 270 теңгені, 45 жастан 54 жасқа дейін - 204 527 теңгені, 55 жастан 64 жасқа дейін - 190 950 теңгені, 65-тен жоғары 229 407 теңге құрады», - деді Статистика комитетінен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT