Қазақстандықтар қандай көлік маркаларын ұнатады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда 18 836 автокөлік құрастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАвтоӨнеркәсіп» Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындары одағының мәліметінше, осы жылдың үш айында жалпы сомасы 139,5 млрд теңгені құрайтын 18 836 автокөлік шығарылды. Нақты мәнде шығарылған көлік құралдарының жалпы көлемі өткен жылғы көрсеткіштен 2,1 есеге асып отыр.

Атап айтқанда, жеңіл автомобиль өндірісі екі есе өсіп, 16 651 көлік құрастырылды. Автобус шығару да 82,6 пайызға артып, үш айда 272 бірлігі жолға шықты. Ал жүк көліктерін құрастыру 8,1 есе артып отыр. Аталған кезеңде 1 663 жүк көлігі құрастырылған. 2020 жылдың наурызында қазақстандық кәсіпорындардың конвейерінен 6 229 автокөлік шықты. Бұл, 2019 жылғы көрсеткіштен 2,2 есе көп.

Жыл басынан бері отандық автозауыттар 11 593 көлік құралын сатты. Ал республика тұрғындары жергілікті өндірістен шыққан көліктерді сатып алуға 83,6 млрд теңге ақшаларын жұмсаған. Бұл, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 70,3 пайызға артық.

Қазақстандықтардың арасында осы жылдың бірінші тоқсанында сұранысқа ие болған көліктер мыналар: Lada (3 513 бірлік.), Hyundai (3 094), KIA (1 924), Ravon (1 354) және JAC (179).

Мұнан бөлек, отандық кәсіпорындар ұсынатын көлік маркаларының қатарына Skoda (133 бірлік) Chevrolet (119) және UAZ (68) кіреді. Есепті кезеңде Lada Granta (1 628 бірлік), Ravon Nexia R3 (1 354), KIA Rio (1 205), Hyundai Tucson (1 081) және Lada Vesta (937) көліктері көп сатылған.

Hyundai Creta (683 бірлік), Hyundai Accent (560), Lada Largus (510), KIA Sportage (422) және Hyundai Elantra (419 ) көліктеріне де сұраныс жоғары.


Соңғы жаңалықтар