Қазақстандықтар алдағы мерекелерде қай елдерге ұшып бара алады

None
None
НҰР- СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мамыр айында халықаралық бағыттар бойынша рейстер аптасына 117 рейспен 40 бағыт бойынша 13 елге орындалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамыр мерекелері кезінде азаматтар келесі елдерге ұша алады:

Түркия: (Нұр – Сұлтан - Ыстанбұл, Түркістан – Ыстанбұл, Алматы -

Ыстанбұл, Алматы - Анталья, Шымкент - Ыстанбұл);

Біріккен Араб Әмірліктері: (Нұр – Сұлтан - Дубай, Алматы – Дубай, Нұр-

Сұлтан/Алматы/Атырау/Ақтөбе/Қарағанды/ Шымкент/Ақтау – Рас-эль-Хайм,

Алматы – Шарджа биылғы 4 мамырдан бастап, Нұр-Сұлтан – Абу-Даби 16

мамырдан, Алматы – Абу-Даби 22 мамырдан бастап);

Өзбекстан: (Нұр – Сұлтан-Ташкент, Алматы-Ташкент, Ақтау-Үргенш);

Ресей: (Нұр-Сұлтан - Мәскеу, Алматы - Мәскеу);

Қырғызстан: (Алматы-Бішкек);

Беларусь: (Нұр-Сұлтан - Минск);

Украина: (Нұр-Сұлтан - Киев, Алматы - Киев);

Германия: (Нұр – Сұлтан - Франкфурт, Орал - Франкфурт, Атырау -Франкфурт);

Грузия: (Алматы - Тбилиси, сондай-ақ 4 мамырдан бастап Нұр- Сұлтан -

Кутаиси, Ақтау - Кутаиси және Атырау - Кутаиси);

Тәжікстан: (Алматы - Душанбе);

Оңтүстік Корея: (Алматы - Сеул);

Египет: (Нұр-Сұлтан - Шарм-эль-шейх, Алматы - Шарм-эль-шейх);

Мальдив аралдары: (Алматы – Мале).

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.


Соңғы жаңалықтар