+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Қазақстандықтар 578 мың теміржол билетін өткізген

2020 жылғы 26 наурыз 18:26
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар 578 мың теміржол билетін өткізген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жолаушылар пойызында билеттерді қайтару жағдайы тұрақтанды. Қазіргі уақытта «Жолаушылар тасымалы» АҚ билеттер кассасына 3,6 млрд теңгенің билеттері тапсырылған. 12-26 наурызда қазақстандықтар 578 мың теміржол билеттерін өткізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада үшем дүниеге келді Маңғыстау мен Атырауға баратын 6 жолаушы пойызы уақытша тоқтатылды Атырауға қатынайтын жолаушы пойыздары уақытша тоқтатылды

Вокзалдарда пайдаланылмаған билеттерді өткізу туралы хабарландыру айтылуда. Теміржол қызметкерлері билет кассаларында бір-бірінен 2 метр қашықтық ұстау керектігін түсіндіріп жатыр.

Жолаушылар пойызында жолсеріктер жолаушылардың денсаулығын қадағалауда. Вагондарды жинау кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр және дезинфекция жасау ережелері сақталуда.

Белгілі болғандай, 2020 жылдың 19 наурызында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында осы жылдың 22 наурызынан бастап карантин енгізілетіні жарияланғаннан кейін екі қалаға барлық бағыттағы жолаушылар пойызының қозғалысы тоқтатылды. Қазақстандықтардың билеттерді қайтарып жатқаны назарға алына отырып, келушілер вокзалға тек маскамен бір есіктен кіріп жатыр. Перронға шығатын жол толықтай жабылды.

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы вокзалдарда барлық сауда нысандары жабық тұр. Жалға алушылармен келісім карантин кезінде тоқтатылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT