Қазақстандықтар 200 мыңнан астам ескі көлікті утилизациялауға өткізген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ескі көлікті кәдеге жарату бағдарламасы басталғаннан бері қазақстандықтар 200 104 автокөлік өткізген. Бұл туралы ҚазАқпарат Өндірушілердің кеңесйтілген міндеттемелері Операторының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұйымның мәліметі бойынша, ескі көлік өткізу көрсеткіші бойынша Шымкент қаласы алда тұр. Бұл қалада 38 496 көлік кәдеге жаратуға тапсырылған. Одан кейінгі орындарда Алматы, Тараз, Қарағанды және Павлодар қалалары тұр. 2021 жылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша бүкіл өңірлерден 25 958 жеңіл және 9 219 автобус пен жүк көлігі қабылдап алынған.

«Жеңілдік сертификатын ұсынатын бағдарлама бойынша 2315 ауыл шаруашылығы техникасы қабылданды. Оның ішінде 1 830 трактор және 485 комбайн бар. Бағдарлама басталған 2016 жылдан бері ескі көлігін өткізгендерге 54 700 жеңілдік сертификаты берілді. Ол сертификаттар Қазақстанда шығарылған 29 200 автомобиль сатып алуға пайдаланылды», - деп жазады ӨКМ Опеаторының баспаөз қызметі.

Ескірген көлігін өткізгісі келгендер ұйымның сайтына (recycle.kz) кіріп, электрондық кезекке тұруы керек.

2020 жылдан бастап қабылданатын көліктің өтемін айлық есептік көрсеткішпен есептеу жүйесі енгізілген болатын.

Ол қолданыстан шыққан көлік М1 санатындағы болса, 210 мың теңге, (72 АЕК), М2 және N1 санатына жатса, 420 мың теңге (144 АЕК), М3 санатына кірсе, 630 мың теңге (216 АЕК) теңге төленеді.

Былтырғы қараша айынан бері ӨКМ Операторы қолданыстан шыққан ауыл шаруашылығы техникасын қабылдай бастады. Тапсырылған ескі комбайндар мен тракторлардың орнына жеңілдік сертификаттары беріледі. Сертификат құны олардың түрі мен жинақталуына байланысты 560 мыңнан 2 миллион теңгеге дейін өзгереді.


Соңғы жаңалықтар