+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Қазақстандықтар 15 күнде жарты миллионнан астам пойыз билетін өткізген

2020 жылғы 27 наурыз 13:03
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар 15 күнде жарты миллионнан астам пойыз билетін өткізген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар 15 күн ішінде жарты миллионнан астам теміржол билетін қайта өткізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратына сәйкес, жолаушылар пойызына билеттерді қайтару жағдайы тұрақтанды.

«Қазіргі таңда «Жолаушылар тасымалы« АҚ билет кассаларына 3,6 млрд теңгеге жол жүру құжаттары тапсырылды. 12-26 наурыз аралығында қазақстандықтар 578 мың теміржол билетін қайта өткізді», - деді министрліктен.

Бүгінде теміржол вокзалдарында пайдаланылмаған билеттерді қайтару туралы хабарландыру таратылуда.

«Сондай-ақ теміржол қызметкерлері жолаушыларға билет кассаларының жанында бір-бірінен кемінде екі метр қашықтықты сақтау қажеттігі туралы әңгіме өткізеді. Пойыздарда жолсеріктер міндетті түрде жолаушылардың денсаулық жағдайын нақтылайды. Қатаң кесте бойынша вагондар тазаланып тұрады және дезинфикация ережелері сақталуда», - делінген ақпаратта.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT