+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Қазақстандық ЖОО алғаш рет THE WUR by Subject рейтингіне кірді

2020 жылғы 28 қазан 17:38
Бөлісіңіз:
Қазақстандық ЖОО алғаш рет THE WUR by Subject рейтингіне кірді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Times Higher Education World University Rankings by Subject 2021» пәндік рейтингісінің қорытындысы бойынша ғылыми көрсеткіштерін жақсартып, бірқатар мамандықтар бойынша позициясын күшейтті.

Ұқсас жаңалықтар
Білім мәдениетін қолдау үшін университеттердің Еуразиялық желісі құрылды Назарбаев Университеті сияқты 2 озық өңірлік оқу орны ашылады - Президент Түркістандағы университет пен Франциядағы ЖОО ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

THE WUR by Subject-те 11 пән бойынша әлемнің 1500-ден астам үздік университеттері зерделенді. Жаһандық рейтинг әдіснамасы көрсеткіштердің бес тобына біріктірілген және жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу қызметінің түйінді салаларын көрсететін 13 басты индикатор негізінде жасалады.

Рейтингті жасауға арналған мағлұматтар үш дереккөзден жиналады, олар: статистикалық ақпарат, Scopus библиометрикалық базасы және академиялық сарапшылардан сұрау.

Өткен жылмен салыстырғанда қазақстандық жетекші университет өз көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты және THE WUR by Subjec позициясын нығайтты.

Рейтингте ҚазҰУ-дың бизнес және экономика саласындағы мамандықтары (501-600), инженерия (601-800), физикалық ғылымдар (801-1000) сондай-ақ, әлеуметтік ғылымдар (601+) бойынша мамандықтар аталды.

ҚазҰУ 2020 жылы QS жаһандық рейтингісінің нәтижелері бойынша алдыңғы қатарлы университеттер тізімінде 165-ші орынға ие болып, әлемнің үздік 200 ЖОО-ның қатарына енгенін атап өткен жөн.

ТМД елдерінен бұл топқа тек Ломоносов атындағы ММУ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ енді.

Зерттеу университетіне айнала отырып, жетекші қазақстандық ЖОО басқа да әлемдік деңгейде мойындалған рейтингтерде серпінді ілгерілеуді жалғастыруда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT