Қазақстандық жас теннисші Уимблдон жарысын жеңіспен бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Сандуғаш Кенжебаева Уимблдон жасөспірімдер турнирі іріктеу сайысының финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, 18 жасқа дейінгілер арасында әлемнің 92-ракеткасы С.Кенжебаева алғашқы айналымда ITF Juniors рейтингісінде 447-орында тұрған ұлыбританиялық Руби Куллингпен шеберлік байқасты.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған аса тартысты матчта Сандуғаш 6:7 (5:7), 6:3, 10:7 есебімен жеңіске жетті.

Ертең, 1 шілде күні С.Кенжебаева іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 85-ракеткасы, нидерландылық Исис ван ден Брейкпен кортқа шығады.

Тағы бір қазақстандық Аружан Сағындықова Уимблдон жасөспірімдер додасында ұлыбританиялық София Джонсонға жол берді – 5:7, 2:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шыққанын, қазақстандық теннисшінің жарысты сәтті бастағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Уимблдон жасөспірімдер турнирінде тағы бір қазақстандық теннисші өнер көрсетеді.

Қазақстандық жас теннисші Уимблдонда алғашқы жеңісіне қол жеткізді.






Соңғы жаңалықтар