Қазақстандық велошабандоздар Әлем чемпионатына аттанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 26 ақпан күні Германияның Берлин қаласында тректегі велоспорттан әлем чемпионаты басталады. Оған Қазақстан құрамасынан 8 спортшы қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бас бапкердің мәліметінше, Германия астанасында келесі спортшылар сынға түседі: Артем Захаров, Роман Василенков, Әлішер Жұмақан, Рината Султанова, Сергей Пономарев, Андрей Чугай, Максим Налетов.

Әлем біріншілігі 1 наурызға дейін жалғасады. Чемпионат қорытындысы бойынша 2020 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия алған спортшылар есімі анықталмақ.

Айта кетейік, шосседегі велоспорттан ұлттық құрама бүгінге дейін Токио Олимпиадасына үш лицензия жеңіп алды.


Соңғы жаңалықтар