Қазақстандық вакцина қашан өз елімізде құйылады – Ералы Тоғжанов жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны Түркияда құю туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Үкімет отандық вакцинаны құюға қатысты түрлі нұсқаларды қарастырып жатыр.

«Мен вакциналар өндірісін кепілді түрде қамтамасыз етуім керек. Өздеріңіз жақсы білесіздер, вакциналарды өндіргенге дейін, құйғанға дейін – мұның барлығы биологиялық қауіпсіздік ҒЗИ өндіріс көлемінде жасалады. Онда субстанция дайындалады, содан кейін өнім, содан кейін ғана вакциналар құйылады», - деді Е. Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде тілшілер сұрағына берген жауабында.

Ералы Тоғжанов Отардағы биофармацевтикалық зауыттағы жұмыстар жеделдетілген түрде жүріп жатқанын айтты.

«Сәуір айында зауыт құрылысын аяқтадық. Қазіргі уақытта жабдықтарды монтаждау аяқталды. 19 маусымда біз құю желісін алғаш рет сынама ретінде іске қостық. Негізі, Қазақстанда да құю мүмкіндігі бар. Қазір валидациялық кезең жүріп жатыр, ол бір жарым - екі айға созылады. Біз тамыз айының соңында және қыркүйектің басында 600 мың дозаны өз зауытымыздың базасында құямыз», - деді Е. Тоғжанов.


Соңғы жаңалықтар