Қазақстандық тоқыма өнімдері Түркия, Корея, Италия елдеріне экспортталмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкенттік компания тоқыма өнімдерін Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Италия, Ресей елдеріне экспортқа шығаруды көздеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл қалаға инвестиция тарту мақсатында Сингапур, Түркия, Қытай, БАӘ, Ресей және Корея, Өзбекстан елдердің әлеуетті инвесторларымен кездесулер өткіздік. Нәтижесінде өзбек инвесторларының қатысуымен 5-ші желтоқсанда қаламызда бірнеше жылдан бері тоқтап тұрған «Альянс» ЖШС (бұрынғы «Ютекс» АҚ) жіп иіру фабрикасы іске қосылды. Бұл өндіріс осы жылдың соңына дейін 60 тонна, ал келесі жылы 6 мың тонна мақта-талшығы өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді», - деді Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Қала басшысының айтуына қарағанда, алдағы уақытта шаһарда бұрынғы «Меланж» компаниясы қайта іске қосылады. Осының нәтижесінде жоғары сапалы тоқыма өнімдері Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Италия, Ресей елдеріне экспортқа шығарылмақ. Бұл өз кезегінде елімізде өңделетін мақта көлемін 2 есеге арттырып, 800 адамға жұмыс орнын бермек.

«Келесі жылы аумағы 306 гектар жерге 3-ші жаңа «Жұлдыз» индустриялық аймағын құру жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. Инвесторлар тарапынан қызығушылық жоғары. Бүгіннің өзінде 20 млрд теңгеге 1 мыңға жуық жаңа жұмыс орнымен 20 жоба жүзеге асыруға инвесторлар ниет білдірді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар