Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингілердегі орны

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) мен Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) өз рейтингілерін жаңартты. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик бір орынға көтеріліп, 34-ші сатыға оралды. Бұл оның әлемдік рангтар туралы кестедегі ең жоғарғы нәтижесі.

Тимофей Скатов үш позиция алға жылжып, өзінің жеке рекордын орнатты – 266 орын.

Михаил Кукушкин 12 орынға төмен сырғып, 159-шы болды.

Дмитрий Попко 162-орында, Денис Евсеев бір орын жоғалтып, 371-ші сатыға жайғасты.

Бейбіт Жұқаев 14 орын көтеріліп, рейтингінің 746-шы тізімінен көрінді.

Әйелдер рейтингінде Елена Рыбакина екі позиция жоғалтып, 19-шы орынға түсіп қалды.

Юлия Путинцева 44-ші позицияда қалса, Зарина Дияс төрт орын көтеріліп, үздік жүздікке қайта оралды.


Соңғы жаңалықтар