Қазақстандық теннисшілер АҚШ-тағы турнирді жеңіспен бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Кэри қаласында өтіп жатқан теннистен ATP Challenger аясындағы турнирде жұптық кездесулер басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандықтар Александр Недовесов пен Андрей Голубев бірінші кездесуде Трит Хьюи (Филиппин)/Роберт Галлоуэй (АҚШ) жұбынан басым түсті. Кездесу 1: 6, 6: 4, 7:10 есебімен аяқталды.

Келесі кезеңде отандық теннисшілер Денис Новиков (АҚШ)/Теймураз Габашвили (Ресей) жұбына қарсы шығады. Польшалық Питер Поланскимен жұптасып өнер көрсеткен қазақстандық Дмитрий Попко да жеңіске жетті. Олар Роберто Сид Суберви (Доминикан Республикасы)/Даниэль Элаи Галан (Колумбия) жұбын сүріндірді.
Соңғы жаңалықтар