Қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирдің жеңімпазы атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Тимофей Скатов Испаниядағы Мелилье ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 472-орында тұрған 19 жастағы қазақстандық теннисші аталмыш доданың екінші ракеткасы болып тіркеліп, барлығы бес кездесу өткізді.

Соның ішінде Т.Скатов жартылай финалда Нидерланды өкілі Макс Хаукесті 6:2, 6:1 есебімен тізе бүктірді.

Финалда рейтингте 724-сатыдағы даниялық Хольгер Рунемен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда даниялық спортшы басым түсті – 6:3.

Екінші сетте Т.Скатов қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.

Үшінші, шешуші партияда қазақстандық теннисші брейкпен алға кетті – 2:1. Тағы бір брейк – 4:1. Т.Скатов матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:1.

Тартысты өткен бәсеке 2 сағат 22 минутқа созылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Страсбург турнирінің финалында ұтылып қалғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар