+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қазақстандық теннисші Чехиядағы турнирдің чемпионы атанды

2021 жылғы 18 маусым 23:58
Бөлісіңіз:
Қазақстандық теннисші Чехиядағы турнирдің чемпионы атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Чехияның Простеев қаласында челленджер турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайдыҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бекзат Нұрдәулетов Токио Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңілді Серік Теміржанов Токиодағы Олимпиада ойындарын аяқтады ТОКИО-2020: Боксшы Надежда Рябец бірінші кездесуінде ұтылып қалды

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, А.Недовесов португалиялық Гонсалу Оливейрамен бірге финалда чехиялықтар Зденек Колар – Роман Жебавыды тізе бүктірді.

Тартысты бәсеке 1:6, 7:6 (7:5), 10:6 есебімен аяқталды.

Қазақстандық-португалиялық жұп 1 сағат 30 минутқа созылған матчта бір эйс жасап, алты брейк-пойнттың біреуін де пайдалана алған жоқ. Есесіне қарсыластары екі мәрте

брейк жасады.

Осылайша А.Недовесов өзінің спорттық жолында жұптық сында челленджер додаларында 21-інші, биылғы маусымдағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Бұл оның жеке рекордтық көрсеткіші болып табылады.

«Соңғы екі апта мен үшін табысты болды. Әуелі Братиславада, міне, бүгін Простеевте жеңіс тұғырынан көріндік. Енді бір аптадай демалып, сосын Александр Бубликпен бірге Уимблдон жарысына дайындаламын», деді А.Недовесов.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Чехиядағы турнирдің финалына шыққанын, Елена Рыбакинаның Токио Олимпиадасында табысты өнер көрсетуге барын салатынын жазған болатынбыз.






Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT