Қазақстандық теннисші Анталиядағы ATP Challenger турниріне қатысады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Анталиядағы ATP Challenger турниріне қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Теннис федерациясының мәліметінше, бүгін Анталиядажүлде қоры 44 820 АҚШ доллар «Челленджер» басталды.

Александр Недовесов жарыстың жұптық сынында украиналық Денис Молчановпен өнер көрсететін болады. Бірінші айналымда Недовесов пен Молчанов американдық жұп Роберт Гэллоуэй - Алекс Лоусонмен ойнайды.


Соңғы жаңалықтар